Ақтөбе облысындағы «Жайсаң» шекаралық өткізу пунктінде ҰҚК Шекара қызметі Қазақстанға заңсыз кіру әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Alash.kz Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тексеру кезінде шекарашылар жүк көлігінің кузовын ашқанда, құрылыс материалдарының арасынан 10 шетелдік жасырынғаны анықталған. Алдын ала мәліметке сәйкес, олар Қазақстан аумағына заңсыз түрде өтуді жоспарлаған.
Оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 24 және 394-баптары аясында сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу құпиялылығына байланысты басқа деректер жария етілмей отыр.