Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жүйелі түрде ұрып-соғып, қылғындырып келген» - Балабақшада қорлық көрген баланың әкесі әділдік сұрады (ВИДЕО)

15:34, 23 қаңтар 2026

Алматы тұрғыны балабақшада баласының зорлық-зомбылық құрбаны болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Жәбірленушінің айтуынша, ұлын ұрып-соғып, қылқындырып, жүйелі түрде қорлаған. Бұл оқиғаға мекеменің тәрбиешісі мен менеджерінің қатысы бар көрінеді.

Баланың әкесі балабақшадан түсірілген видеоны жариялап, жұртшылық пен биліктен қолдау сұрады.

Тәрбиешіге қатысты үкім шығып, ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды, алайда менеджерге қатысты іс әлі де тергелуде. Ер адамның айтуынша, аталған қызметкер емін-еркін жүр, өзін өркөкірек ұстайды және баланың жағдайына мүлдем қызығушылық танытпайды, ал тергеу амалдары 12 айға созылып кеткен.

«Мен әлеуметтік желілер арқылы жүгінуге мәжбүрмін. Әділдік, қолдау сұраймын және жақын күндері Президент әкімшілігінің жеке қабылдауында болуды өтінемін», - деп жазды баланың әкесі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар