Шымкентте таныс жігітінің қолынан ажал құшқан 21 жастағы бойжеткеннің туған ағасы орын алған жағдайға байланысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Alash.kz.
Марқұмның жақыны қарындасының мінезі өте биязы, сабырлы әрі тұйық болғанын, соның салдарынан күдікті оны қорғаусыз деп санап, шектен шыққан әрекеттерге барғанын жеткізді. Оның сөзінше, қанішер бойжеткеннің қыр соңынан қалмай, нағыз сталкер болған.
Ол бұл қылмыс үшін айыпты тұлғаға заң аясындағы ең қатал жазаның берілуін талап етіп отыр. Сонымен қатар, марқұмның ағасы барша отандастарына үндеу тастап, қарындасының тағдырына қатысты ақпаратты барынша таратуды және осы қиын сәтте отбасына моральдық қолдау көрсетуді өтінді.

Естеріңізге сала кетейік, 11 қаңтар күні кешкі уақытта Шымкенттегі көпқабатты үйлердің бірінің маңынан денесінде пышақ іздері бар бойжеткеннің мәйіті табылған болатын.