Брянск облысында жолаушылар пойызының үстіне көпір құлап, зардап шеккендер саны 100 адамнан асты, деп хабарлайды ALASH.KZ.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Брянск облысының губернаторы Александр Богомазтың мәліметіне сәйкес, көпірдің құлауынан зардап шеккендер саны 104 адамға жетті.
Оның айтуынша, Мәскеу ауруханаларында – 22, Брянск облысы ауруханаларында – 38 адам ем қабылдап жатыр. Үшеуінің жағдайы ауыр.
Жеті адам қаза тапты, олардың қатарында локомотив машинисі және 32 жастағы Виолетта Горыня бар. Виолетта – балаларға арналған «Маяк үйі» хосписінің паллиативтік көмегімен айналысқан дәрігер. Бұл туралы хоспис басшысы Лида Мониава Facebook желісінде хабарлады.
Губернатор Богомазтың айтуынша, көпірдің құлауына жарылыс себеп болған.
Тергеу комитеті бұл оқиғаға байланысты теракт бабы бойынша іс қозғады.
2, 3 және 4 маусым Брянск облысында қаралы күндер деп жарияланды.