Шеберге марапатты Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин табыстады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлттық домбыра күні қарсаңында «Үкілі домбыра» байқауының бас жүлдегері, «Алтын домбыра» сыйлығының иегері, «Қазақтың Страдивариі» атанған әйгілі шебер, ұлағатты ұстаз және өнертанушы Жолаушы Әбілғазыұлы Тұрдығұлов II дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды.
«Бұл марапат – ұлттық өнерге тағзым, киелі домбыра аспабына деген лайықты құрметтің белгісі», – деп жазды Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында.