Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жол ережесін жиі бұзатындар айыппұлды жоғары сомада төлеуі керек 

12:30, 17 сәуір 2025 312

Сенат депутаты Марат Қожаев елімізде жол ережесін күн сайын бұзатын жүздеген адам бар екенін айтты, деп жазады Alash.KZ.

«Жүйелі түрде жол ережесін жиі бұзатындар үшін, яғни қасақана бір санаттағы ережені 10 рет қатарынан бұзса, онда 11-ші рет қайталаған жағдайда айыппұл бойынша 50 пайыздық жеңілдікті осы адамдарға қолданбау керек. Бұл ұсыныс ережені жиі бұзбайтын адамдарға қатысты емес, оларға пайыздық жеңілдік сақталуы қажет», — деді ол Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар