Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жітіқарадағы жанып кеткен бес бала: анасы жергілікті дүкенде еден жуушы болып жұмыс істеген

15:58, 14 қазан 2024 700

Министр Светлана Жақыпова Жітіқарадағы тірідей жанып кеткен бес баланың қасіреті туралы мән-жайын айтты, деп хабарлайды Alash.KZ.

Үйдегі үлкен ұлдың айтуынша, қайғылы оқиға таңғы сағат 4:30 шамасында басталған. Ол таңғы сағат 5-те көршілерден көмек сұраған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келгенде үйдің шатыры құлаған.

Таңғы 6-да мен Алматыға жұмыс сапарымен ұшып кеткендіктен, оқиға орнына департамент директоры барды. Ол басынан аяғына дейін, яғни жерлеу рәсіміне де қатысты. Отбасыға тиісті қолдау шарасы көрсетілді, - деп айтты министр.

Отбасы атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың қатарында болған. Сондай-ақ балалардың анасы жергілікті дүкенде еден жуушы болып жұмыс істеген. Сол түні ол қалаға кеткен. 

Не үшін кеткені тергеу аясында айтылмай отыр. Оның неге кеткенін білмеймін.

Бірақ үйге 1995 жылы туған жігіт сол күні кешкі сағат 7-де пеш жағып беріп кетіп қалған. Балалар тоңып қалмау үшін оны анасы жіберген болуы керек, - деді ведомство басшысы.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар