Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жыл сайын "табиғи апат" көбейген Қазақстанда төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті құрылмақ

10:26, 12 мамыр 2024 509

Маусым сайын халықтың берекесін алған Қазақстандағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатымен Төтенше жағдайлар министрлігі жанынан тағы бір жаңа мемлекеттік орган – төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті құрылатыны хабарланды. Мұндай қаулы министрдің қолымен «Ашық НҚА» порталында жарияланды, Alash.KZ ұлттық порталы.

Құжаттың түсіндірме жазбасында жазылғандай, жобаны іске асыру 1 млрд 638 млн 715 мың теңге (2024-2028 жж.) мөлшерінде қосымша қаржыны талап етіп отыр.

Аталмыш бағдарламаны іске асыру орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға қатысты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелерінде бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп күтілуде. 

Жоба 24 мамырға дейін көпшіліктің талқылауына ұсынылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар