Қызылордада саябақтардың бірінде екі қыз төбелесіп қалды. Әлеуметтік желіде бұған қатысты кадрлар тарады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп.
“Қыз жекпе-жек өнерінің қандай да бір түрін меңгерген болса да, сырт көзге біртүрлі көрінеді екен”, “Ұсқынсыз. Дым күлкілі емес””, “Нашар кино сияқты”, “Жарайсың жігітім! Бәрін дұрыс істедің”, “Қыз екінші бір қызға шабуыл жасап, ұрып-соқты. Полицейлер бір шетте оларға қарап тұрды. Сосын жігіт келіп оларды тоқтатпақ болды”
"Қызылорда полициясы жастар тобының бұзақылық әрекеттерін тоқтатты. Қылмыстық іс қозғалды. Төбелескендердің аты-жөндері анықталып, полицияға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – делінген хабарламада.