Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жігерімізді әбден құм қылып бітті". Жүрсін Ерман палуандар мен боксшылардың "әбден жерге қаратқанын" айтты

16:50, 18 қыркүйек 2024 2404

Ақын, тележүргізуші Жүрсін Ерман палуандар мен бокшыларды сынға алды. Ақын даярлығына миллиондаған қаржы бөлініп, бірақ небәрі бір алтын медальмен оралған спортшылар жайлы ой айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы  b1rinshibol парақшасына сілтеп. 

Танымал ақын EL ARNA телеарнасына берген сұхбатында Париж олимпиадасын басынан аяғына дейін қарап, көңілі құлазығанын жеткізді.

«Басынан бастап жабылу салтанатына дейін көрдім. Қазақстанның спортшыларына соңғы жағында бірдеңе жетіспей қалып жатады. Су спортына дейін қарадым, таяна бергенде жетпей қалады. Жігерімізді әбден құм қылып бітті. Не дейміз, бақ солай боп тұр ма, бап солай боп тұр ма – білмеймін. Әйтпесе Лондон олимпиадасында жеті алтын алып едік, оның да дәурені өтіп кетіпті. Боксшыларымыз да, балуандарымыз да әбден жерге қаратып болды. Афина олимпиадасында да бітті-ау дегенде, Бахтияр Артаевтың арқасында жалғыз алтынды әрең алып едік. Оған да зар болып қалдық. Елдос Сметов болмаса, елдің еңсесі тіптен түсіп кетуші еді. Біздің спорт комментаторлары қызық, «ананы аламыз, мынаны аламыз» деп желіктіріп қояды. Бірақ соңында ештеңе бұйырмай қалады», - деді Жүрсін Ерман.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар