Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жезқазған қаласы әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс: Қала әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

17:17, 27 қазан 2026

Ахмет Сыздыманов Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, Ахмет Смағұлұлы Сыздыманов Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ахмет Сыздыманов 1991 жылғы 29 маусымда Қарағанды облысында дүниеге келген.

Жоғары білімді. 2013 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша, 2015 жылы Д.А. Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университетін «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2014 жылы Астана халықаралық әуежайында жолаушыларға қызмет көрсету агенті болып бастаған.

Әр жылдары «Bekairkz» ЖШС-де, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» мекемесінде, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-де жауапты қызметтер атқарған.

2022–2024 жылдары Жезқазған қаласындағы «Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны» мекемесінде директордың орынбасары, материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.

Тағайындауға дейін Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар