Жетісу облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) департаменті жалпы құны 1,5 миллиард теңгені құрайтын құрамында алтыны бар кенді заңсыз экспорттау әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Alash.kz.
Кедендік құжаттарда шикізат мыс кені және концентраттары ретінде көрсетілген.
Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарындағы қоймалардан 1 000 тоннадан астам шикізат табылды. «RedGold Mining» ЖШС экспорттаушы компаниясының директоры және осы іске қатысы бар басқа да тұлғалар анықталды.
Екі күдікті қамауға алынды. Серіктестіктің ақшалай қаражатына тыйым салынды.