Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жетісу облысында 35 тонна күнбағыс дәні тиелген жүк көлігі аударылып қалды

17:08, 22 тамыз 2025 107

Жетісу облысында 35 тонна күнбағыс дәні тиелген жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Полицейлер аударылған ауыр жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесіп, шашылған өнімді жинасты.

Алматы – Өскемен тасжолында 35 тонна күнбағыс дәні тиелген тіркемелі жүк көлігі аударылып қалды. Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер аударылған фураны қалпына келтіріп, өнімді жинауға жәрдемдесті.

Жүргізушінің өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төнген жоқ. Ол көрсеткен көмегі үшін тәртіп сақшыларына алғыс айтты.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерге рөлде аса мұқият болып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар