Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жеті қыз жабылып кастетпен ұрған»: Жамбыл облысындағы сұмдық төбелеске қатысты ақпарат шықты

11:49, 12 наурыз 2026

Жамбыл облысында кәмелетке толмаған жасөспірімді қатыгездікпен соққыға жыққан жеті қыздың ісі полицияның бақылауына алынды, деп жазады Alash.kz. 

Жәбірленушінің анасы қызының денсаулығына ауыр зақым келгенін және күдіктілер тарапынан қысым көрсетіліп жатқанын мәлімдеді. Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, оқиғаға қатысы бар барлық адам анықталып, құқық қорғау органдарына жеткізілді. Қазіргі таңда бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның отырысында жасөспірімдердің тәртібі қаралып, нәтижесінде олар профилактикалық есепке алынды. Сондай-ақ, оқушы қыздардың ата-аналары өз балаларын тәрбиелеу міндетін тиісінше орындамағаны үшін заң алдында жауапкершілікке тартылды.

Жәбірленушінің жақындары оқиғаның мән-жайын әлеуметтік желі арқылы көпшілікке жария етті. Олардың сөзінше, шабуыл кезінде кастет қолданылған.

«Жеті қыз оны кастет қолданып ұрды. Зардап шеккен қыз екі күн реанимацияда жатты, өз бетімен жүре алмай, мүгедектер арбасымен қозғалуға мәжбүр болды. Бейнедәлелдердің бар екеніне қарамастан, күдіктілер бостандықта жүр. Зардап шеккен қыздың жақындарының айтуынша, оларға күдіктілердің туыстары тарапынан да қорқытулар болып жатыр», — дейді жәбірленушінің анасы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар