Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жерді жылына 1 теңгеге жалға береді". Қазақстан Арменияға жер бермекші

11:58, 04 шілде 2026

Қазақстан Арменияға елшілік салу үшін жерді жылына 1 теңгеге жалға береді, деп жазды Alash.kz.

Қазақстан мен Армения бір-біріне елшілік ғимаратын салуға арналған жер телімдерін символикалық ақыға жалға беру туралы келісімді жүзеге асыруда, деп хабарлайды Democrat.kz.

Армения парламенті екі ел арасындағы жер телімдерін өзара беру туралы келісімді ратификациялады.

Келісімге сәйкес, Армения Қазақстанға Ереван қаласындағы Адмирал Исаков даңғылынан көлемі 0,33 гектар жерді 49 жыл мерзімге жалға береді. Жалға алу құны – жылына 1 драм.

Өз кезегінде Қазақстан Астана қаласындағы Арғанат көшесінен дәл сондай көлемдегі – 0,33 гектар жерді Арменияға 49 жылға жалға ұсынады. Оның жылдық жалдау ақысы небәрі 1 теңгені құрайды.

Бұл жер телімдері екі елдің дипломатиялық өкілдіктерінің жаңа ғимараттарын салуға арналған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар