"Жеңісті жақындатқан қазақ". Бүгін Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына - 100 жыл
15:48, 19 қазан 2024
фото: ашық дереккөз
Бүгін халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толды.
Небәрі 21 жасында ерлік пен өрліктің биігіне шыққан Рақымжан Қошқарбаев 1924 жылы 19 қазанда Ақмола облысының Тайтөбе ауылының маңындағы Қырыққұдық қыстағында дүниеге келген.
Рақымжан Қошқарбаев Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.
ҚР Президентінің Жарлығымен Р.Қошкарбаевқа Халық Қаhарманы атағы берілді. Қошқарбаевтың есімі Астана, Алматы калаларындағы көшелерге берілген. 2010 ж. Ұлы Жеңістің 65 жылдығы карсаңында Мәскеуден Астанаға батырдың Рейхстагқа тіккен туы әкелінді. Ол Астанадағы Президент қорында сақтаулы. Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталан.
Соңғы жаңалықтар
“Дұрыс шешім! Жаңартылды” - Мектептегі тәрбие жұмысына қандай өзгерістер енгізіледі?
18:30, 03 тамыз 2026
“Жұғысты болсын! Шымкентке келін болды”: Мақпал Жүнісова қуанышты жаңалығын бөлісті
12:50, 03 тамыз 2026
Алматыда ALMA LOVE 2026 фестивалінің алғашқы күні EcoDay экологиялық акциясымен өтті
09:41, 03 тамыз 2026