Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жеңіс үшін қолдан келгеннің бәрін жасаңдар». Путин Ресей депутаттарына үндеу жасап, әділет жолында күресіп жатырмыз деп айтты

16:22, 30 қыркүйек 2026

Путин жаңа шақырылымдағы Мемлекеттік дума депутаттарына үндеу жасады, деп жазды Alash.kz.

Ресей президенті Владимир Путин Мемлекеттік думаның IX шақырылымының алғашқы отырысында депутаттарға үндеу жасады.

Путин үш жылдық бюджетті «теңгерімді әрі шынайы» болуы қажет деп атап, депутаттарды популизмнен бас тартуға шақырды.

«Бізді іштен бұзатын кез келген популизмді мүлде болдырмауды сұраймын. Қазір әсіресе қателік жасауға болмайды», – деді ол.

Сонымен қатар Ресей президенті елдің сырттан көмек сұрауына жол бермеу керектігін айтып, мемлекеттің экономикалық және қаржылық дербестігін атап өтті.

Сөзінде Путин Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарының Ресейге қосылған күнін «әділетті күрестің символы» деп атады. Оның айтуынша, аталған өңірлердегі сайлаушылар «атқылаулар мен қауіп-қатерлерден қорықпаған».

Путин жаңа шақырылымдағы Мемлекеттік дума құрамының шамамен жартысына жуығы жаңарғанын айтып, соғысқа қатысушылар мен ардагерлердің сайлаушылар тарапынан қолдау алғанын мәлімдеді.

Ресей президенті депутаттарды әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына қолдау көрсетуге және «жеңіс үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға» шақырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар