Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жемқорлықтың кесірінен 16 жыл түрмеде отырып, кейін қатерлі ісікпен ауырған ел басшысы қайтыс болды

08:32, 12 қыркүйек 2024 314

Перудің экс-президенті Альберто Фухимори 16 жыл бойы сыбайлас жемқорлық пен адам құқықтарын бұзғаны үшін айыпталып, түрмеде отырған болатын. Ол 86 жасында ел астанасы Лимада қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

«Ұзақ уақыт бойы қатерлі ісікпен күрескеннен кейін, әкеміз Альберто Фухимори қайтыс болды», — деп жазды оның балалары Кейко, Хиро, Сачи және Кенджи Фухимори әлеуметтік желіде.  

Жазда Кейко Фухимори әкесі 2026 жылғы сайлауда мемлекет басшысы лауазымы үшін қайтадан күресуге ниетті екенін хабарлаған болатын.  

1990-2000 жылдар аралығында Перуді басқарған Фухимори ауыр қылмысы үшін 25 жылдық мерзімнің үштен екі бөлігін өтеп, гуманитарлық себептермен түрмеден босатылған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар