Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Желіде балағат сөз айтып, әдептен озған екі танымал тиктокер бес тәулікке қамалды

15:19, 30 қыркүйек 2026

Алматыда балағат сөздер қолданған екі танымал тиктокер бес тәулікке қамауға алынды, деп жазды Alash.kz.

Алматыда әлеуметтік желідегі видеоларында балағат сөздер қолданған екі танымал тиктокер бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сөз 25 жастағы Ибраим Стамбеков пен 21 жастағы Абай Абдыханов туралы болып отыр.

Полиция мәліметінше, олардың әзіл-сықақ сипатындағы контентінде бейәдеп сөздер белсенді қолданылған. Құқық қорғау органдары мұндай контент заң талаптарын бұзады деп бағалаған.

Сот шешімімен екі азамат та бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар