Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жеделсаты жанында бұрынғы әйелін қаныпезерлікпен ұрып-соққан ер адам құрықталды

18 мамыр 2024 327

Алматыда ер адамның жетелсаты алдында бұрынғы әйелін ұрып-соққанын бейнелейтін кадрлар ақпараттық кеңістікте кеңінен тарады. Әйелді аяусыз сабаған адамның әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.Алматы полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп жазды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Ер адам бұрынғы әйелін асқан қатыгездікпен ұрып жатқанда тағы екі адам болған. Олардың біреуі бастапқыда ер адамды ажыратуға тырысқаны айтылады, бірақ кейіннен  жағдайды сырттай, бейтарап бақылауға көшкен.

Алматы полиция департаменті бұл оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады:

"Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін НеМолчи қоғамдық қорының мәлімдесін жазып, желіде таратқан видеодан ер адамның әйелді соңынан қуып келіп, ұрып-соғып, тепкілегені туралы хабарладық. Сол сәтте лифт күтіп тұрған екі жігіт жағдайды жай ғана бақылап, әйелге көмек қолын созбады.

Қор жетекшісі Дина Таңсәрі және бейнекадрларды көрген желі қолданушылары әйелді ұрып жатқанда араша түспеген екі жігіттің әрекетіне таңданыс білдірген болатын.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?