Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жазым оқиға. Екібастұзда жел екпінінен құлаған аялдама әйелдің аяғын сындырды

10:35, 09 қараша 2024 452

Екібастұзда желден құлаған аялдама қала тұрғынының аяғын сындырды. Әйел амбулаторлық емделу үшін үйіне жіберілді, - деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы pavlodarnews.kz-ке сілтеп.

Екібастұз ауруханасының мәліметінше, 7 қарашада екі зардап шеккен адам травматологиялық пунктіге жүгінді. Қатты дауылдан павильон аударылып, аялдамада тұрған 56 жастағы әйелге құлап, оң аяғынан жарақат алды.

"Оған тобықтың жабық сынуы деген диагнозы қойылды. Ол ауруханаға жатқызудан бас тартты. Қажетті көрсетілген көмектен кейін амбулаториялық емделуге жіберілді", - деп хабарлады Екібастұз әкімдігінің баспасөз қызметі.

Екінші зардап шеккен әйел 47 жаста. Ол оң жақ иық буынының жарақатын алды. Науқас ауруханаға жатқызудан бас тартты, амбулаториялық емделуге жіберілді.

Еске салайық, бұған дейін Павлодарда дауыл кесірінен ағаш құлап, зейнеткер көз жұмғанын хабарлаған едік.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар