Атырауда орын алған отбасы трагедиясына қатысты белгілі журналист өз болжамын айтты, деп жазады Alash.kz.
КТК телеарнасының Атырау облысындағы тілшісі Жанат Молдашева оқиға туралы жазба жариялады:
Осы қылмыс барысында туыстарының Наурызбен байланысы жазда үзілгені айтылды. Осыны ескерсек, оны жазда өлтіріп, көмген болуы мүмкін. Кейін 5 қарашада Мейрамгүлді өздерімен бірге қалаға алып келді. Оны да қаныпезер айуандықпен өлтіріп, Наурыздың қасына көміп тастаған…
Жауыздықтың шегі болмайды деген осы екен. Жүректен жүрек қалмады. Тас түскен жеріне ауыр. Мұқанғалиевтер әулетімен бүкіл ел бірге қайғырып жатыр. Қаралы отбасының туыстарымен жүздескен сайын қандай жұбату сөз айтарыңды білмейсің…
Трагедия ғой бұл!
8 қаңтар күні осы сарай маңында жедел топ іздеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда бардық. "Қылмыскер жауыздық әрекетін қайталап, осы айналаға көмді-ау, табылып қалар" деген сенімде болдық. Бірақ ол іздеу жұмыстары нәтиже бермеген еді…