Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жазасын «Қара бүркітте» өтеп жатыр ма?»: Яна Легкодимованың анасы талабын айтты

09:47, 07 маусым 2026

Атыраулық студент Яна Легкодимованың анасы қызының аяусыз өліміне кінәлілердің жазаны қай мекемеде өтеп жатқанын білу үшін Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (ҚАЖК) жүгінді, деп хабарлайды Alash.kz.

Галина Легкодимованың айтуынша, комитет құпиялылық саясатына сүйеніп, нақты ақпаратты ашудан бас тартқан. Комитет өкілдері сотталған Ризуан Хаиржанов пен Алтынбек Кәтімовтің заңды үкімге сай тиісті мекемеде екенін ғана растады. Ресми жауапта бұл мәліметтердің дербес деректер туралы заңнамамен қорғалатыны және тек сотталғандардың жақын туыстарына ғана берілетіні айтылған.

Бұған дейін өмір бойына бостандығынан айырылған қылмыскерлердің «Қара бүркіт» колониясына этаппен жөнелтілгені туралы ақпарат тараған болатын. Қайтыс болған бойжеткеннің анасы бұл мәліметтің растығына көз жеткізіп, заңның орындалуын бақылауда ұстағысы келетінін жеткізді.

Галина Легкодимова бұл қадамға тек ішкі тыныштығы мен әділдіктің орнағанына сенімді болу үшін барғанын атап өтті:

«Мен енді ғана сәл де болса басыла бастадым. Бұл сауалды тек олардың шынымен де болуы тиіс жерде екеніне көз жеткізу үшін ғана жібердім. Мен жаңа өмір бастауға тырысып, басқа қалаға көшіп, ары қарай өмір сүруді үйренгім келді. Бірақ бұл оқиға әлі күнге дейін мені жіберер емес. Маған олардың өмір бойлық жазасын өтеп жатқанын және осындай қылмыс жасаған адамдар үшін қарастырылған жағдайларда отырғанын білу маңызды».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар