Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жайлы мектеп" алдындағы жаға жыртыс. Астанада оқушы қабылдау бойынша кезекші шу шықты

18:31, 09 шілде 2024 823

Астанада оқушыларды «Жайлы мектеп» жобасы бойынша салынған жаңа оқу орындарына қабылдау басталды. Қабылдау үшін құжат өткізу қажет. Соған орай ата-аналар мектептен орын алып үлгеруі үшін түннен бастап кезекке тұруға мәжбүр болған, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Azattyq Rýhy порталына сілтеп.

Астана қаласындағы №71 мектептің алдында шу шықты. Ата-аналар 1 қыркүйек күні есігін ашатын «Жайлы мектепке» балаларының құжатын тапсырып үлгеру үшін түннен бастап кезекке тұрғанын айтады.

«Жайлы мектепке» құжат қабылдау Астана қаласының 71 мектебінде жүзеге асырылып жатыр. Мұнда хаос пайда болды! Түнгі сағат 23:00-ден бастап адамдар кезекте тұр», - дейді олар.

Ата-аналар құжат қабылдаудың дұрыс ұйымдастырылмағанын айтып, наразылық білдірді.

Орайы келгенде айта кетейік, баланы мектепке қабылдау үшін құжаттарды электронды түрде тапсыруға болады. Бірақ қала тұрғындары мектептегі орыннан қағыламыз деп алаңдаушылық танытқан.

Астанадағы білім басқармасы әзірге бұған қатысты түсініктеме берген жоқ. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

Абай мен Әлихан кездесті ме?

16:47, 13 желтоқсан 2024 167