Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жауапкершілікті бір адам көтермеуі керек»: Құлсарыдағы оқиғаға қатысты ұстаздар мен ата-аналар уәждерін айтты (ВИДЕО)

20:05, 11 ақпан 2026

Атырау облысы, Құлсары қаласындағы мектеп дәлізінде орын алған оқыс оқиғаға байланысты ата-аналар мен мұғалімдер өз уәждерін айтты, деп жазады Alash.kz.

Аталмыш істен кейін мектеп директоры Айгүл Жылқыбайқызы қызметінен кеткен болатын. Осы шараға қатысты ұжымдастар мен ата-аналар БАҚ өкілдеріне шығып, мектеп басшысын қайта орнына әкелуді талап етті.

«Құлсарыда қызметінен кеткен директордың ата-аналар мен ұжымның алдында беделі жоғары екенін осыдан көруге болады. Талай мектептерде бүкіл ұжым шығып «директор кетсін» деп жатады. Бұл жолы білім ордасының 95% басшыларын қызметіне қайтаруды талап етіп тұр. Министрлік мұғалім мәртебесін көтереміз дейді. Бір бала үшін «қуалай» берсе, ұстазда оқушы алдында қандай бедел қалады?!» - деп жазды журналист Жанат Молдашева.

Осы мектепке баласын оқытуға беріп отырған ата-аналар былай десті:

Өзінің карьерасын осы мектеп табалдырығынан бастаған адам. Біз ол кісіні қай жағынан білеміз? Салмақты, сабырлы, әдепті жағынан білеміз.

Сол мектептің ата-анасы ретінде айтайын. Балаларымыз сол мектепте оқиды мектеп басшысы бала десе жаны қалмайтын, әрбір ісіне мұқият жауапкершілікпен қарайтын адал басшы. Орнынан түсіру әділетсіздік. Қай қай басшы да мұғалім де өзінің баласын ойлап қана қоймай, өзгенің баласын қамын ойлайды. Мектептегі оқушыларымыз аман жүрсе екен деген тілеумен жүреді.

Мектеп мұғалімі Байзақ Смағұлов ұстаздар атынан білікті басшыны қайтаруды сұрады:

Жай қарап отыра алмаймыз. Бір отбасыны ұйытып ұстап отырған басшы ретінде көреміз. Сондықтан да, бір адам жауапкершілік көтермеуі керек деп есептейміз. Мектеп ұжымының сұраныс-талабы - басшымыз өз орнына қайта келу шарасы қарастырылса екен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар