Продюсер, әнші Мөлдір Мұқан жеке өмірі туралы ашып айтты, деп жазады Alash.kz.
Журналист Айгүл Мүкейдің "Жігітің бар ма?" деген сұрағына өнер иесі былай жауап берді:
"Іздеу саламыз! Жігіт бар ма? Мен ондайға дайын емеспін. Кейде жұптарды көрген кезде қызығып қаламын. Оның жасыратын несі бар? Көшеде қолынан ұстап көшеде жүргім келеді. Қазір мен қайтадан 22 жыл артқа барудамын. Ол да қызық екен. Бірақ мен қыздарға кеңес бермеймін. Ажырасыңдар деп үгіттемеймін, ажыраспаңдар. Басыңа сондай күн түссе, оны да қабылдау керек. Өзімді қазір бойдақ, еркін сезінемін", - деді Мөлдір Мұқан.