Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жасөспірім құрдастарымен туған күн кешінде 4 досын пышақтап өлтіріп, артынша үйді өртеп жіберді (ВИДЕО)

09:24, 28 мамыр 2025 2071

Иркутск облысында туған күн кешінде жасөспірім төрт құрдасын пышақтап өлтіріп, кейін үйді өртеп жіберді. Өзі де сол жерде қаза тапты, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Тергеу нұсқасы бойынша, оқиға Байкальск қаласындағы “Горный Байкал” саяжай қауымдастығында болған.

Бір топ жасөспірім туған күнді атап өтіп жатқан.

Арасында жанжал туындап, олардың бірі пышақ ала жүгірген. Төрт адам сол жерде көз жұмды, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді.

Шабуыл жасаған бозбала артынша үйді өртеп жіберген, бірақ өзі сыртқа шыға алмай, оқиға орнында қаза тапты.

Қазір оқиға орнында барлық шұғыл қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар