Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жас зерттеуші 100 жылдық тарихы бар киелі кимешекті тапқанын айтып, оқырмандарын қуантты

10:38, 09 маусым 2024 977

Жас зерттеуші Ләззат Мырзаш Тараз қаласынан 100 жылдық тарихы бар киелі кимешекті тапқанын айтып, оқырмандарын қуантты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Бүгінгі олжам 100 жылдық кимешек Тараздан таптым. 80 жастағы кейуананың анасының кимешегі, - деп жазды зерттеуші. 

Жас зерттеушінің сүйіншісіне оқырмандардың ықыласы ауды. Олар: 

- Жамбыл облысының кимешектерінің басқа өңірлерден ерекшелігі төбесі дөңгеленіп тігіліп, кең әрі артқы жағы адамның қылта тұсына дейін түсіп, тек иек тұсына ғана жіңішке етіп жиектейді. Күндігін (бір жерлерде шлауыш, жаулық лепте атайды) бір сол дақ тұсына сәл қисайта орайтын. Әрине қазырғы уақытта бір өкініштіск біз мұны өткен шақта айтып жүрміз. Жаңартып, қайта өңдепкүнделікті тұрмыста қолданса керемет болар еді;

-  Кимешектің астары болуында үлкен сыр бар. Сырты таза болады, кірленбейді, умаждалмайды, қатпарланбайды, ыстық суық өткізбейді, қыста жылы жазда салқын болады тағы басқа да жақсы жақтары бар;

- Қайтыс болғанда киетін киімге ұқсайды екен... Неге осы арабтар құндақталғысы келіп тұрады екен? 21 ғасырда 7 ғасырдағы арабқа еліктеу ұлтымызды құртып тынбаса болды! - деп жазды оқырмандар. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар