Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жас келеді… Кедергілер көп болды»: Қайрат Нұртастың әкесі ешкімге айтпаған сырын ашты (ВИДЕО)

15:26, 30 наурыз 2026

Әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков журналист Аман Тасығанға сұхбат беріп, жан сырын ақтарды, деп жазады Alash.kz.

Өнер иесі басынан өткен қиындықтары туралы айтып, өнер жолында кедергілердің аз болмағанын ашып айтты. 

"Енді өмір болған соң басымыздан бәрі өтіп жатыр. Мен ешқандай шалынбай, керемет келе жатырмын десем өтірік болар еді. Қайраттың өзі де, мен де өте көп кедергілерге кездестік. Бала алға қарай жоғарылаған сайын сенің аяғыңнан шалатындардың есебі жоқ деп айтсам болады. 60-қа келсем де қиналған сәттерде, ішімнен жас келеді. Бірақ балаларыма көрсетпеуге тырысамын. Ойпырмай, әкем болса осы мәселені шешіп тастайтын еді ғой деген сияқты ой келіп тұрады",- деді Нұртас Адамбеков.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар