Гонконгта екінші дүниежүзілік соғыстан қалған бомба табылды. Бомбадан қауіптенген жергілікті билік мыңдаған адамды эвакуацияланды, деп жазды Alash.KZ порталы.
Кварри шығанағы аймағында құрылысшылар Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған ұзындығы 1,5 метр және салмағы шамамен 450 кг болатын жарылғыш затты тапты, деп хабарлайды Associated Press.
Залалсыздандыру қаупі жоғары болғандықтан, полиция 1900-ге жуық үй шаруашылығы мен 6 мың тұрғынды эвакуациялады.
Операция 19 қыркүйекте кешке басталып, 20-шы күні таңертең аяқталды. Бомба сәтті залалсыздандырылды, зардап шеккендер жоқ.