Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жарты миллион адамның өмірі қыл үстінде тұр". Қазақстанның 10 облысын су басты

10:50, 29 наурыз 2024 461

Қазір елдің 10 облысы қарғын судың зардабын тартып жатыр,кейбір облыстарға қауіп төндіріп тұр. Кейбір аймақта төтенше жағдай жарияланған.

"Бір үйді су алса да үлкен қайғы, ал қазір жарты миллион адамның өмірі қыл үстінде тұр" деді мәжіліс депутаты Сергей Пономарев 27 наурызда үкімет мүшелеріне су тасқынына байланысты жолдаған депутаттық сауалында. Ол үкімет пен әкімдіктерді көктемгі табиғи апатқа дайын емес деп сынады.

Ал агросарапшы Кирилл Павлов "Қазақстанда су тапшы дегенді айғай салып айтамыз, бірақ көктемде топан судан зардап шегеміз. Яғни суды басқаруды, сақтауды үйрене алмай келеміз", – деді тілшілерге.

Қазақстан үкіметінің 28 наурыз түске дейінгі мәліметі бойынша, әр аймақта 100-ден астам тасқын тіркеліп, 297 үй су астында қалды. 18 жолды су шайып, екі көпір бұзылды. Әзірге аймақтарда келтірілген материалдық шығынның мөлшері айтылған жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Қарағанды, Павлодар және Абай облыстарына қауіп төніп тұрғанын хабарлады.

27 наурыздағы мәліметке сүйенсек, 1431 адам эвакуацияланған, оның 312-сі – бала. Кейбір аумақта тұрғындар қауіпсіз жерге тікұшақпен жеткізілген.

Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысының Жаңақала, Екідің, Ақкісі, Қызылжұлдыз ауылдары және тоғыз қыстақтың тұрғындары Арқалық қаласының эвакуация пунктеріне жеткізілді деп мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар