Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жарқын жеңіс жолы. Қазақстан құрамасы қарсыласын 10:0 есебімен жеңді

10:18, 22 қыркүйек 2024 607

Футзалдан өткен әлем чемпионатының үшінші турында Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландиямен кездесіп, қарсыласын ойсырата жеңді, - деп сүйнішілейді Alash.kz ұлттық порталы. 

Алғашқы екі турдың нәтижесі бойынша D тобында Қазақстан мен Испания құрамалары төрт ұпай жинады. 

Қазақстандық футзалшылар алғашқы турда Испаниямен 1:1 есебімен тең ойнаса, одан кейін Ливияны 4:1 есебімен тізе бүктірді.

Сондықтан екі құрама үшінші турда өз қарсыластарын ірі есеппен жеңу қажет еді.

Ел құрамасы Жаңа Зеландиямен ойында қарсылас қақпасына гол соқты. Олардың қатарынан Ринат Төреғазин 8, Ақжол Дәрібай 11, Арнольд Кнауб 14, 15, 20, 22, 36, Лео Жарагуа 21, 29-минутта гол соқса, 30-минутта Жаңа Зеландия сапынан Логан Висневски автогол авторы атанды.

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласынан 10:0 есебімен басым түсіп, өз тобында екінші орын алды. Бірінші орынға бүгін Ливияны 8:0 есебімен жеңген Испания жайғасты.

Ендігі кезекте Қазақстан құрамасының плей-офф сатысындағы қарсыласы Е тобында ертең өтетін Португалия және Марокко кездесуінің жеңімпазы болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар