Қазақстанның Халық Әртісі, әйгілі эстрада жұлдызы Роза Рымбаева үлкен сахнадағы 50 жылдығына арналған есеп беру кешіне қызу дайындық жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.
Қазақ сахнасының Примадоннасы атанған әншінің өмір жолы мен шығармашылық белестері туралы деректі фильм де түсірілмек. Бұл туралы мерейлі кешті ұйымдастырып жатқан продюсерлер Тимур Балымбетов пен Қанат Бейсекеев желіде жариялады.
Сахнадағы 50 жылдығына орай біз Роза Рымбаеваның өмірі мен шығармашылығы туралы жаңа деректі фильм түсіруді жөн көрдік. Бұл жолы біз сахна сыртына ғана үңіліп қоймай, оны мүлдем басқа қырынан көре аламыз... Жақында...