Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жақсы көремін! Асыға күтіп жүрмін»: Димаш Құдайберген көпшілікке қуанышты жаңалығын жария етті

15:00, 18 қазан 2026

Халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген желідегі парақшасында жазба жариялап, жанкүйерлеріне қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.

Бүгін 18 қазанда Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS атты жаңа концерттік туры басталды.

Dimashnews.com хабарлауынша, халықаралық команданың бірнеше айға созылған дайындығы, эксклюзивті шоу мен жаңа әндер — осынау ауқымды жұмыстың артында үлкен еңбек жатыр, алда көрермендермен көптен күткен кездесулер күтіп тұр.

Осыған орай, Димаш жаңа бағдарламаның дайындық барысында түсірілген кадрлармен бөлісті. 8 елдің 11 қаласында өтетін 12 концерт — ұлы сапардың бастамасы ғана. 

  • 18 қазан - Краков, Польша;
  • 24 қазан - Дюссельдорф, Германия;
  • 30 қазан - Мадрид, Испания;
  • 11 қараша - Мерида, Мексика;
  • 14 қараша - Монтеррей, Мексика;
  • 17 қараша - Гвадалахара, Мексика;
  • 19 қараша - Мехико, Мексика;
  • 20 қараша - Мехико, Мексика;
  • 22 қараша - Богота, Колумбия;
  • 24 қараша - Сантьяго, Чили;
  • 1 желтоқсан - Лима, Перу;
  • 12 желтоқсан - Сентул-Сити (Джакарта), Индонезия.

Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген жанкүйерлерімен кездесуді асыға күтіп жүргенін айтқан болатын. 

«DEARS! 

DIMENSIONS әлемдік турнесінің басталуына небәрі төрт күн қалды! Сіздермен кездесуді асыға күтіп жүрмін. 

Турдың алдында GRAMMY-дің  жаңа Global Mixtape жобасы аясында берген сұхбатыммен бөліскім келеді. 

Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube арнасынан көре аласыздар!

Жақсы көңіл күймен тамашалаңыздар! Барлықтарыңызды жақсы көремін», – деп жазды өнер иесі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар