Алматыда үш жасар бала 13-қабаттың терезесінен құлап кетті. Бір өкініштісі,сәби оқиға орнында қаза болды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
Қайғылы оқиға 27 шілдеде Алматы қаласы, "Арай" тұрғын үй кешенінде болған.
"Осы факт бойынша Бостандық ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімі соталды тергеуді бастады. Сараптама тағайындалды. Трагедияның басқа да мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Алматы полиция департаменті.