Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жантүршігерлік жағдай: Туған анасы ұлын пышақтап, өлі денесін чемоданға салып, қоқыс жәшігіне лақтырған

23:41, 14 шілде 2024 795

Пермьде тоғыз жастағы ұлын өлтірді деп күдікке ілінген әйел ұсталды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Тергеушілер 34 жастағы Ирина Шатованы ұстады. Оған кәмелетке толмағанды өлтірді деген күдік тағылуда - ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 2-бөлігінің "в" тармағы.

Бұған дейін әйелге іздеу жарияланған болатын.

12 шілдеде баланың денесі Пермьдегі үйлердің бірінің жанындағы қоқыс контейнерлерінің алаңында чемоданнан табылған. Тергеу мәліметтері бойынша, тоғыз жасар баланың денесінде пышақ жарақаттары мен тұншықтыру белгілері тіркелген. Кейіннен баланың күдіктінің ұлы екені анықталды.

Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин бұл істің тергелуін Ресей Орталық аппаратында бақылауға алуды тапсырды.

Телеграм-канал Mash мәліметі бойынша, бала салынған чемоданды қоқысқа тастаған әйел оны Кам өзеніне көпірден тастағысы келген, бірақ кейін ойынан айнып қалған. Чемоданды жергілікті үйсіздер тапқан.

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар