Санкт-Петербургтегі үйдің жертөлесінен әйел адамның денесі жол сөмкесінің ішінен табылды, деп хабарлайды Alash.kz.
Полиция мәліметінше, денеде зорлық-зомбылық белгілері анықталған. Марқұм 31 жастағы Өзбекстан азаматшасы екені белгілі болды.
Қыз қараша айының басында Санкт-Петербургке жұмысқа орналасуға көмектесемін деген 24 жастағы танысының шақыруымен келген.
9 желтоқсан күні екеуінің арасында жанжал шыққан. Жанжал барысында ер адам әйелді тұншықтырып өлтірген.
Қылмысты жасыру мақсатында ол марқұмның денесін жол сөмкесіне салып, көрші үйдің жертөлесіне апарған. Сөмкені жерге көміп, жасырып қойған.
Полиция мәліметінше, күдікті Ресейден қашып үлгеріп, қазір өз елінде жасырынып жүр.