АҚШ-та ер адам әйелі мен алты баласын атып өлтіріп, кейін өзін де мерт қылды, деп хабарлайды ALASH.KZ.
АҚШ-тың Мичиган штатында жантүршігерлік отбасылық трагедия болды. Ер адам алдымен әйелі мен алты баласын атып өлтіріп, кейін үйді бірнеше жерінен өртеп, өзіне қол салған.
People басылымының мәліметінше, полиция өртенген үйден ерлі-зайыптылардың және жасы 5 пен 15 аралығындағы алты баланың мәйітін тапқан. Сот-медициналық сараптама олардың барлығының оқ жарақатынан көз жұмғанын анықтады.
Құқық қорғау органдарының алдын ала болжамынша, ер адам алдымен отбасы мүшелерін атып өлтірген. Кейін қылмыстың ізін жасыру мақсатында үйді бірнеше жерден өртеп, артынша өз-өзіне қол жұмсаған.
Қазір оқиғаның нақты себептері анықталып, тергеу амалдары жалғасып жатыр.