Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жансақтау бөлімінде: Жаңаөзендегі жойқын өртті сөндіру кезінде қызметкер жарақат алды

16:00, 25 наурыз 2025 570

Жаңаөзендегі өрт кезінде құтқарушы жарақат алды, деп хабарлайды Alash.kz.

Жаңаөзендегі «Зангар» сауда орталығында шыққан өртті сөндіру барысында өрт сөндіруші-құтқарушы зардап шекті.

Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

3-ші өңірлік өрт сөндіру бөлімінің қызметкері жансақтау бөліміне жеткізілді.

Қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында. Жақын арада оны Ақтаудағы Маңғыстау облыстық ауруханасына ауыстыру жоспарланып отыр.

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті оның жағдайын қадағалап отыр.

Қосымша ақпарат кейінірек жарияланатын болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жаңаөзенде салынып жатқан сауда орталығында өрт шыққаны хабарланған еді. Сондай-ақ, Ақтауда апарт-отель мен кафе өртенген болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар