Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жанна Батталованы танисыз ба: Шұғыл түрде Жәнібектің анасы деген күдікке ілінген әйел іздестіріледі (ФОТО)

09:05, 24 шілде 2024 2315

Журналист Қымбат Досжан өз инстаграм желісінде Жәнібектің туған анасын іздеу барысындағы құнды ақпараттармен бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы

Жазбада жарияланғандай, Қымбат Досжан "Жанна Батталова" есімді азаматшаға іздеу жарияланатынын жазған.

Арқалық  және Атбасар қаласы халқының назарына

Арқалық қалалық Полиция басқармасы және «Бармысың, бауырым?» хабарының  редакциясы БАТТАЛОВА ЖАННА БЕКЕНОВНА деген азаматқа іздеу жариялайды («Баталова» болуы да мүмкін). Архивтік құжаттарға сүйенсек, Жанна Батталова 2002 жылғы 12 қаңтар күні таңғы 9 сағ. 10 минутта  Арқалық перзентханасында салмағы 2750 гр. бойы 53 см. ұл баланы дүниеге әкелген. Жанна Батталованың жасы 19-да болған, демек ол 1983 жылғы болуы мүмкін. Туған жері Атбасар, мекенжайы:  Победа көшесі 8-2.  Жанна Батталова Арқалық кооперативтік  техникумында немесе Педагогикалық училищесінде 2001-2002 жылдары оқыған болуы мүмкін. Жанна Батталованың  ерекше белгісі — бір көзі қыли (сходящее косоглазие) деп жазылған. Жанна Батталова өмірге әкелген нәресте — Даниярды 2006 жылы америкалық отбасы асырап алған,-деп жазды Қымбат Досжан.

Жәнібектің анасы болып қалуы мүмкін деп танылып отырған Жанна Батталова журналистің айтуынша, сауатты оқушы болған деседі.

 Жанна Батталованың Арқалық перзентханасында сол уақытта  Бас дәрігер лауазымын атқарған Молдашева Умит Мукановнаның атына жазған қолхатын да жариялап отырмыз. Егер бұл  қолхат Жанна Батталованың өз қолымен жазылса, жазуы маржандай, сабақ үлгерімі жақсы, сауатты студент (оқушы) болған сияқты,- деді ол.

Анасы ау деген күдікпен желтоқсан айында табылған Жазира есімді азамат пен бүгін табылған Жанна Батталованың балалары ауысып кетуі мүмкін деген болжам бар. Ю

Біз неге Жанна Батталованы іздеп отырмыз? Жауабы:  табылған мәліметтер арасында Даниярдың фотосы бар.  Естеріңізге салсақ,  Жәнібектің құжатында анасы деп жазылған «Жазира» былтыр желтоқсанда табылды.  Ол әйел 2002 жылдың қаңтарында перзентханаға құжатсыз, жедел жәрдеммен барып, босанып, баланың есімін «Жәнібек» деп қойып, 4 күннен кейін дәрігерлерге аты-жөнін өтірік айтып,  қолхат жазып, перзентханадан кетіп, сол күйі оралмаған, оны өзі мойындап отыр. Бірақ Жәнібек пен «Жазираның» ДНҚ анализ нәтижесі 0% болып шықты.  Даниярдың фотосынан байқағанымыз:  бала «Жазираға» ұқсайды. Қазіргі күдік: «Жазира» мен Жаннаның ұлдары ауысып кетуі мүмкін. 

Өйткені тергеушілердің зерттеу нәтижесі бойынша: Данияр мен Жәнібектің арасы 5 күн. Екі балаға да бір күнде Туу туралы куәлік алынып, екеуі де бір күнде Балалар үйіне өткізілген,- деп жазды Қымбат Досжан. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар