Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жәнібектің анасы өмірден өтті. Қазақ баласына құшақ ашқан бельгиялық әйел қайтыс болды

13:59, 17 шілде 2024 2976

Арқалықтағы балалар үйінен Жәнібек Савельевті асырап алған Бельгия азаматы қайтыс болды. Бұл жайлы белгілі диктор Қымбат Досжан өзінің әлеуметтік желі парақшасында хабарлады, деп жазды Alash.KZ ұлттық порталы. 

"Достар, Жәнібекті асырап алған Валери анасы бұл өмірмен қош айтысты. Эвтаназия тәсілімен. 20 жылдан бері Жәнібектің анасы болған, өзі ауырса да, мейірімін Жәнібекке бере білген Валеридің мәңгілік өмірі енді басталды. 54 жас. Жәнібек берік бол…", - деп жазды Қымбат Досжан Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Қазақстанға туған анасын іздеп келген Жәнібек қазақстандықтарға үндеу жасап, туған анасын табуға көмектесуді сұрады. Елдің барлығы қазақ баласының тағдырына алаңдап, тілектестік танытқан еді. 

Кейіннен шетелдіктер асырап алған Жәнібектің әкесі табылғаны хабарланды. Диктор Қымбат Досжан сол кезде Жәнібектің туған әкесі табылғанын айтады. Алайда, Жәнібектің әкесінің өмірден өтіп кеткені хабарланды.

Соңғы уақытта біз үнсіз жүргенімізге қарап ашылған қылмыстық істі тоқтатып тастады деп ойламаңыздар. Зерттеу жұмысы бір сәтке де тоқтаған жоқ. Кеше мен Арқалық қаласының полиция қызметкері Саят Исламовпен бірге Қарағанды қаласына барып келдім. Зерттеу барысында Жәнібектің әкесі болуы мүмкін деген ер адам анықталды. Өкініштісі, ол кісі өмірден өткен болып шықты. Сондықтан марқұмның жақындары мен ет жақын адамдарымен сөйлесу үшін полиция қызметкеріне еріп, өзім арнайы барған едім, бірақ туыстары сөзімізге, өтінішімізге құлақ аспады. ДНҚ тестіне қан тапсырудан бас тартты, - дейді Қымбат Досжан.

Сондай-ақ редакцияға анонимді түрде Жәнібектің туған әкесімен бірге жұмыс істеген азамат хабарласқан. Ол Жәнібектің туған әкесінен аумай қалғанын айтқан.

Бізге қоңырау шалған аноним марқұмның сөйлеген сөзі, жүріс-тұрысы Жәнібектен аумайтын еді, біз бірнеше жыл бірге жұмыс істедік» деді. Тіпті, марқұмның жас кезіндегі суретке қарап, біз де Жәнібек баламызды көргендей болдық. Амал қанша, марқұмның туыстары тағы да ойланып, оң шешім қабылдайды деп күтеміз. Жәнібек «Егер осы әулеттің баласы болып шықсам, олардың ақшасына немесе дүние мүлкіне таласым жоқ деп қолхат беруге дайын екенін айтты, - дейді Қымбат Досжан.

Ал 2004 жылы Арқалықтағы балалар үйіндегі баланы бельгиялық әйелге сатып жіберген келіншектің ісі сотқа жетпеген болып шықты.

Жәнібекті асырап алған анасы Валери 2004 жылы Арқалықтан бала асырап аларда бір әйел кісіге 12 мың доллар бергенін айтты. Оны Жәнібекке берген сұхбатынан да көрдіңіздер. Ол сұхбаттың түпнұсқасы біздің қолымызда. Ақша алған әйелдің кім екенін, оның 2004 жылдары қайда жұмыс істегенін, қазір қайда істейтінінің бәрін біліп отырмыз. Тіпті, соңғы рет 2020 жылы Валери екеуінің хат алмасқанын да таптық. Ол хатта “Жәнібектің жағдайы қалай?” деп сұраған. Бірақ іс әлі сотқа жетпей тұр. Соңына дейін жеткізіп, шындықты ашамыз деп сенемін, - дейді журналист.

Айта кету керек, Қымбат Досжан – Еуропада жүрген Жәнібек Жұмағұловтың Қазақстандағы ресми өкілі. Ол Жәнібекпен үнемі байланыста болғандықтан жағдайының жақсы екенін атап өтті.

Ал Жәнібектің өзіне келетін болсақ, жақында Испанияның Мойорка аралындағы қонақ үйге жұмысқа орналасты. Қонақ үйге әлемнің әр бұрышынан келген туристердің ішінен қазақ көріп қаламын ба деп елеңдеп жүр екен. Оған қоса, асырап алған баласы қазір ауырыңқырап жатыр. Жалпы Жәнібек баламыздың жағдайы жақсы, - дейді Қымбат Досжан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар