Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жанәбіловтар соты: Миллиондарды «меңгерген» блогерлер БАҚ-тан жасқанып отыр

15:29, 13 наурыз 2026

Астанада танымал блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты алдын ала сот отырысы басталды. Ерлі-зайыптылар сот ғимаратына адвокаттарымен бірге келді, деп жазады Alash.KZ.

Сот барысында қорғаушы тарап процесті жабық режимде өткізу туралы өтініш білдіргенімен, прокурорлар бұған қарсылық танытты. Судья адвокаттардың бұл өтінішін қанағаттандырудан бас тартып, соттың ашық өтетінін кесіп айтты.

Өз кезегінде блогерлер де БАҚ өкілдерінің оларды суретке және видеоға түсіруіне қарсы екендіктерін мәлімдеді.

Айта кетейік, Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырды деп күдіктелуде. Тергеу мәліметінше, олар онлайн-курстарды желеу етіп, заңсыз лотерея схемасын ұйымдастырған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар