Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жаңа вирус: Үндістанда белгісіз аурудан 15 адам қаза тапты

Жаңа вирус: Үндістанда белгісіз аурудан 15 адам қаза тапты

Үндістанның батысындағы Гуджарат штатында белгісіз аурудан 15 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Барлық өлім Кач округінің Лакхпат қаласында тіркелген. 3-7 қыркүйек аралығында бұл аурудан кемінде 10 адам қайтыс болған.

Кейін тағы 5 адам тіркелді. Аурудан қайтыс болғандардың арасында балалар да бар екені атап өтілді.

Жергілікті билік өкілі Амит Арора қайтыс болған 11 адамның талдау анализі Пуне қаласындағы Ұлттық вирусология институтына зерттеуге жіберілгенін хабарлады.

“Бұның не екендігін анықтау үшін нәтижелерді күтуіміз керек", - деді ол.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар