Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан» - Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ туралы сұмдық ақпарат белгілі болды

11:20, 12 желтоқсан 2025

Алматыда полиция адам саудасымен айналысқан күдікті ұйымдасқан топтың әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Alash.kz.
ІІМ мәліметінше, күдіктілер жас аналардың қиын жағдайын пайдаланып, ақшалай сыйақымен жаңа туған сәбилерді үшінші тұлғаларға беруге көндірген.

Топтың барлық қатысушылары ұсталды. Қазіргі таңда 20-дан астам қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізілуде. Күдіктілерге мүлікті тәркілеумен бірге 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

1 желтоқсанда Алматыда Қытайдан келген екі отбасылық жұп ұсталған еді. Олар суррогат аналардан туған балаларымен елден шығуға тырысқан, алайда құжаттары толық болғанына қарамастан Қазақстаннан шыға алмаған.

Ел бойынша «STOP-трафик» арнайы шарасы аясында адам саудасының 39 фактісі анықталды. Оның ішінде 6 жағдай кәмелетке толмағандарға қатысты. Сондай-ақ, аймақтарда мәжбүрлі еңбекке тарту, жыныстық эксплуатация және басқа да адам трафигі схемалары әшкереленді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар