Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жаңа туған балаларды 500 мыңнан 1,5 млн теңгеге сату деректері әшкереленді

14:14, 19 қыркүйек 2025 85

Қазақстанда жыл басынан бері жаңа туған балаларды заңсыз сату фактілері бойынша 19 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Адам саудасымен күрес басқармасы бастығының орынбасары Шынар Кучербаева мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

«Барлық істер жаңа туған балаларды асырап алу мақсатында сату деректеріне байланысты. Мұндай жағдайлар барлық өңірлерде анықталуда. Мысалы, Алматыда да тіркелді», – деді ол.

Ресми дерекке сүйенсек, бір сәбидің құны 500 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейін бағаланған. Көбіне мәміле делдалдар арқылы жүзеге асады: бір жағында – бала асырап алғысы келетін отбасылар, екінші жағында – нәрестеден бас тартуға ниетті әйелдер.

«Кейбірі бала-шағасын асырай алмайды, кейбірі күтпеген жүктілік салдарынан және материалдық жағдайының қиындығына байланысты осындай қылмысқа барады», – деді ІІМ өкілі.

Ал Халықаралық көші-қон ұйымының Қазақстандағы өкілі Серхан Актопрак мұндай істерге мемлекет ерекше көңіл бөлуі керегін атап өтті. Оның айтуынша, әрбір жағдай жеке қарауды әрі жан-жақты талдауды қажет етеді.
Заңсыз асырап алу схемалары қоғамдағы шешімін табуы тиіс терең әлеуметтік проблемалардың барын көрсетіп отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар