Журналист, бірқатар жобалардың авторы, "Қала мен Дала" газетінің бас редакторы Думан Бықайдың елден көшкені хабарланды. Оның отбасымен бірге шетел асуының себебін журналист әріптесі Жарас Кемелжан тәпсірледі, деп хабарлайды Alash.kz порталы.
Журналистің шетел асуына қатысты Жарас Кемелжан жазба жариялап, "үмітінің ақталмағанын" жеткізді:
Жаңа Қазақстаннан күткен үміті ақталмай, бала-шағасының болашағы үшін Думан Бықай досым шетел асып барады. Қазақ журналистикасында орны бар, қолтаңбасы әлдеқашан қалыптасқан, өткір, білікті журналисінен айырылды Қазақия... Арнайы шығарып салдық. Қимастық сезім, алабұртқан көңілмен қоштастық. Айтуға оңай екен!.. - деп жазды журналист.