Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жаңа қадам құтты болсын!”: Димаш Құдайберген көптен күткен қуанышты жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

15:45, 29 қаңтар 2026

Әнші Димаш Құдайберген желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Өнер иесі өзі продюсерлік ететін "Voice Beyond Horizon" (Көкжиектен асқан үн) халықаралық тележобасының басталатынын мәлім етті.

«Қазақстан шоу-бизнесін халықаралық дәрежеге шығаратын кез келді. Біз енді көрермен емеспіз. Біз —сахнамыз. Индустриямызды,туризмды,экономикамызды шоу бизнес арқылы көтеруге дайынбыз. Осы байқауда жаңа есімдер, жаңа сапа, жаңа көзқарас туады. Бұл шоуды көру — жай көрермен болу емес, Қазақстан шоу-бизнесінің жаңа дәуірін қолдау. Әлем бізді тек талантты деп емес, ықпал ететін мәдени хаб ретінде тануы керек. Сол мүмкіндікті бірге жасайық. Сіздерден тек "Voice Beyond Horizon" парақшасына тіркеліп әлеуметтік желілерден қолдау ғана күтеміз. Жаңа қадам құтты болсын!», - деп жазды әнші.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар