Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жаңа өзгеріс! Зейнетақы жинағы”: Ел асыға күткен қуанышты хабар шықты

“Жаңа өзгеріс! Зейнетақы жинағы”: Ел асыға күткен қуанышты хабар шықты

Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағындағы артық ақшаны мерзімінен бұрын пайдалану үшін жаңа ережемен есептелетін болады. Бұл туралы Astana TV арнасы хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды. Яғни Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қорынан үй алуға немесе емделуге ақша шешіп алу үшін шотта міндетті түрде қалуы тиіс ең төменгі сома - «жеткіліктілік шегі» жаңаша есептеледі.

Жаңа әдістеме бойынша зейнетақы жинағының жылдық табыстылығы 9% болады деп алынады, ал зейнетақы төлемдері жыл сайын 8%-ға өседі деп есептеледі. Осы арқылы мемлекет адамның зейнетке шыққаннан кейінгі өміріне қанша қаражат қажет болатынын қайта есептемек.

Сонымен қатар жаңа шек былтырғы деңгейден төмен болмайды. Ал есептеу кезінде инфляциядан 5 пайызға жоғары индекстеу қарастырылған.

Қаулы 5 маусымнан бастап күшіне енеді.   Осыдан кейін Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қоры 3 жұмыс күні ішінде 2026 жылға арналған жаңа жеткіліктілік шектерін жариялайды. Сол кезде әр жастағы азаматтың шотында кемінде қанша ақша қалуы керегі нақты белгілі болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 2
  • 1
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар