Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жаңа Конституция жобасының мәтіні қайда жарияланады

09:21, 31 қаңтар 2026

Жаңа Конституция жобасының мәтіні "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" басылымдарында, сондай-ақ Конституциялық Соттың ресми сайтында жарияланады. Бұл туралы Конституциялық Соттың төрағасы Эльвира Әзімова Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырыстында хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Эльвира Әзімованың айтуынша, комиссия жұмысына биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармағының, сондай-ақ ғылыми қауымдастық, азаматтық сектор және медиа өкілдерінен тұратын барлығы 130 адам қатысуда.

Барлық отырыстар Конституциялық соттың әлеуметтік желілерінде және "Конституциялық реформа 2026" арнайы Telegram-арнасында тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. 

Эльвира Әзімова өз сөзінде жобаны талқылау кезінде құқықтық түзетулер санына емес, жаңартылған мазмұны мен мәніне назар аудару маңызды екенін атап өтті.

"Жаңа Конституцияның негізінде адамға бағытталған мемлекеттік модель көзделген. Онда адам, оның құқықтары, бостандықтары мен қадір-қасиеті ең жоғары құндылық және мемлекеттік саясаттың басты бағдары ретінде танылған. Халықтың дәстүрлі құндылықтармен, тарихи тәжірибесімен әділеттілік, жауапкершілік және қоғамдық бірлік туралы түсініктермен тығыз байланысты қағидалар көрініс тапқан", – деді ол.

Ұсынылған жаңартулардың ауқымын ескере отырып, комиссия мүшелерінің көпшілігі құжатты енді тек түзетулер пакеті ретінде қарастыруға болмайды деп санайды. Қазақстан Президенті бұл ұстанымды қолдап, бүкілхалықтық талқылау үшін жобаны жариялауды жақтады.

"Жаңа Конституция жобасының мәтіні "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" басылымдарында, сондай-ақ Конституциялық Соттың ресми сайтында жарияланады", – деді Эльвира Әзімова.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар