Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жаңа Конституция жобасы: Халық Кеңесінің өкілеттіктері мен мәртебесі айқындалды (ВИДЕО)

19:06, 30 қаңтар 2026

Конституциялық комиссияның отырысында жаңа Ата Заң жобасындағы мемлекеттік органдар жүйесін жаңғырту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Alash.kz. 

ҚР Конституциялық соты төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов реформа аясында бірпалаталы Парламент моделіне көшу және Халық Кеңесінің мәртебесін айқындау бойынша бірқатар маңызды өзгерістерді таныстырды.

Жаңа құрылымдағы негізгі өзгерістер келесідей сипатқа ие:

Заң шығарушы органның өкілеттіктері мен жұмыс тәртібі төртінші «Құрылтай» бөлімінде жинақталған. Мұнда депутаттардың заң қабылдау механизмі мен Құрылтай төрағасының мәртебесі нақты бекітілді.

Бесінші бөлім Үкіметтің қызметін реттейді. Бірпалаталы жүйеге байланысты атқарушы биліктің Құрылтай алдындағы есептілігі мен республикалық бюджетті қалыптастырудағы жауапкершілігі күшейтілді.

Алтыншы бөлімде Қазақстан Халық Кеңесінің рөлі айқындалды. Бұл құрылым халық мүддесін білдіретін жоғары кеңесші орган ретінде заң жобаларын ұсыну және референдум өткізу туралы бастама көтеру құқығына ие болды.

Жетінші бөлімде Конституциялық соттың миссиясы бекітілді. Оның тәуелсіздігі мен ел аумағында Ата Заң үстемдігін бақылаудағы құзыреттері сақталып, конституциялық қадағалау қызметі нақтыланды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар